아래는 노래 가사입니다. Tunim , 아티스트 - ALBA 번역 포함
번역이 포함된 원본 텍스트
ALBA
Мың түрлі ой, көңіл-күйім сан алуан,
Сол түннің үні, үнсіздікті салад(ы) кейде.
Жалғыздық жар.
Сөнеді шам,
Болса адам - жүрек түбінде сараң.
Неге қиын, қандай күйде болсаң да, сүю солай?
Неге күйдім, күніме мен жақындай алмай?
Олай болмайд(ы)!
Жоқ!
Берілмей(мін) көз жасыма оңай.
Мен сол, сезімнен ұшуға да дайынм(ын).
Ем жоқ - маған арнайы.
Жоқ - сен айтқан айын,
Бәрібір сенен (қаша алмай(мын)).
Қол соз, қосылайық!
Бұл әлемнен үзіліп,
Бәрін ұмытайық.
Айтшы, неден қорқасың!?
Бәрі оп-оңай.
Сезімге жауапты, тек жүрек сыбырлайды.
Үмітті сөндірмей, біз қосылайық!
Бұл әлемнен үзіліп,
Бәрін ұмытайық.
Айтшы, неден қорқасың!?
Бәрі оп-оңай.
Сезімге жауапты, тек жүрек сыбырлайды.
Әр түрлі жол, әркімнің өз таңдауы бар.
Қиын күндердің бірінде, қалайсың сен не?
Келем жаяу.
Сүйем, оян!
Неге олай, тіл қатасың үндемей?
Саған мейлі, қандай күйде болса да сүю, солай.
Неге күйдік, күнімізге жақындай алмай?
Олай болмайд(ы)!
Жоқ!
Берілме көз жасыңа оңай.
Мен сол, сеніммен ұшуға да дайынм(ын).
Ем жоқ, бізге арнайы.
Жоқ, іште бір уайым.
Өзге бір әлемнен...
Қол соз, қосылайық!
Бұл әлемнен үзіліп,
Бәрін ұмытайық.
Айтшы, неден қорқасың!?
Бәрі оп-оңай.
Сезімге жауапты, тек жүрек сыбырлайды.
Үмітті сөндірмей, біз қосылайық!
Бұл әлемнен үзіліп,
Бәрін ұмытайық.
Айтшы, неден қорқасың!?
Бәрі оп-оңай.
Сезімге жауапты, тек жүрек сыбырлайды.
다양한 언어로 된 노래
모든 언어로 고품질 번역
몇 초 만에 원하는 텍스트를 찾으세요