아래는 노래 가사입니다. Құс жолы , 아티스트 - Макпал 번역 포함
번역이 포함된 원본 텍스트
Макпал
Аспан, аспан шайдай ашық,
Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден
Телмірем жандай ғашық.
Қолға келіп қонса жұлдыз,
Жанға серік болса жұлдыз.
Ғарышқа қанат қақты самғап
Туған жерден қанша ұл-қыз.
Құс жолы шақырады арман құсап,
Жұлдыздар жайып алдан құшақ.
Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
Сен, Отан, достық әннен қуат алған,
Бақыт құсы бүгін ұя салған.
Келді жайнап бала көктем,
Күткен еді дала көптен.
Шалғынды тербей есті ерке самал,
Жібектей жаңа леппен.
Ауыл, саған талмай ұштық,
Бұлақ суын қанбай іштік.
Қарлығаш ұя салған туған
Үйлер бізге қандай ыстық.
Кең дала шақырады арман құсап,
Жұлдыздар жайып алдан құшақ.
Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
Сен, Отан, достық әннен қуат алған,
Бақыт құсы бүгін ұя салған.
Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
Сен, Отан, жастык әннен қуат алған,
Бақыт құсы бүгін ұя салған.
다양한 언어로 된 노래
모든 언어로 고품질 번역
몇 초 만에 원하는 텍스트를 찾으세요