아래는 노래 가사입니다. Boyman , 아티스트 - Ninety One 번역 포함
번역이 포함된 원본 텍스트
Ninety One
Кейде көңiл күйге қарамай
Түрлi түстi әлемдi аралаймын
Үлкендер ертегi айтады ұдайы
Кiмге сенiп, кiмнен айналайын?
Мама, мен сиқырға әлi сенгiм келедi!
Мама, менiң күлкiм мен мұңым
Сенен бөлек, кiмге керек?
Бұл өмiрдiң бiр шыңына дейін
Созылдым мен
Бiрақ биiктiк өлшенбейдi
Боймен
Шыбық ұстап алған самурай
Бақшадан күнде терiп жүредi таңкурай
Арман қуалайды, бiраз қиялдайды
Бiрақ Аяз-Ата оны жиi алдайды
Ал қазiр қалмады ертегi оның есiне алар
Тек анда-санда тасбақа ниндзялар
Ол қиялын қоймаған әлi жас-ересек
Тек, шыбықтың орнына казiр-желбезектер
Бүлiнген бiлiм бәрiнен зиян
Бiреуге мүмкiндiк, бiреуге қиял
Көп нәрсемен келiсе алмай
Естiледi бiр баланың айқайы:
Ай-Ай, солай иә!
Мама, мен сиқырға әлi сенгiм келедi!
Мама, менiң күлкiм мен мұңым
Сенен бөлек, кiмге керек?
Бұл өмiрдiң бiр шыңына дейін
Созылдым мен
Бiрақ биiктiк өлшенбейдi
Боймен
(Сенен бөлек)
Алма кеттi домалап
Жер тегiс емес - домалақ
Кейде бала болып, ойнағым келедi
Жерге жатып алып - жорғалап
Күн өтпей шығып кетедi мұртым
Сағындым нағашы мамамның кұртын
Ал қазiр бәрiн iстеп үлгеруiм керек
Әзiрге жоқта қайын жұртым
Мен өскен сайын iшiмнен жылаймын
Кiмнiң жаны кедей, сол зұлымға бай
Мама, мен сиқырға әлi сенгiм келедi!
Мама, бұлттар төнсе, күнге де бар себеп!
다양한 언어로 된 노래
모든 언어로 고품질 번역
몇 초 만에 원하는 텍스트를 찾으세요