아래는 노래 가사입니다. Сен менің адамымсың , 아티스트 - Kairat Nurtas 번역 포함
번역이 포함된 원본 텍스트
Kairat Nurtas
Ені жаным еш себепсіз ойлап тұрам,
Жаман әдет мен үшін ол болып қалған.
Тым тәтті бір сол сәттерді есіме алып,
Өмір жолын тек өзіңмен ойлап қойғам.
Неге сені Алатаудан сұлу көргем,
Әрбір айтқан сөзіңе кәміл сенгем.
Сезіміме менің күмән болмасын деп,
Жүрегімді жүрегіңе байлап қойғам.
Кездейсоқ кездесіп біз қалсақ көшеде,
Көзіңе жас алмашы жарай ма?
Ақ көйлек кигеніңді көру маған да,
Шыныңды айтшы, жүрек, ұнай ма?
Көзден жас құлап барад,
Жүрегім жылап барад.
Төзімің маған шыдай ма?
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
Артқа тастап қанша алыс болса да,
Жол үстімен шығып кеткім келеді.
Неге менің өмірімнің жолдары,
Қайта саған алып келе береді?
Сенің есімің жүрегімде жатыр көміліп,
Ойымнан кетпей үзіліп,
Оралар деген бір үміт, әй бір үміт.
Кездейсоқ кездесіп қалсақ біз көшеде,
Көзіңе жас алмашы жарай ма?
Ақ көйлек кигеніңді көру маған да,
Шыныңды айтшы, жүрек, ұнай ма?
Көзден жас құлап барад,
Жүрегім жылап барад,
Төзімді маған шыдай ма?
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
다양한 언어로 된 노래
모든 언어로 고품질 번역
몇 초 만에 원하는 텍스트를 찾으세요