아래는 노래 가사입니다. Маскүнем , 아티스트 - Kairat Nurtas, Argonya 번역 포함
번역이 포함된 원본 텍스트
Kairat Nurtas, Argonya
Тастап ем сенуді ертегі, махаббатқа
Бастап еді шеруін ми қарсы жүрек жаққа
Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып,
Аз тыңдайтын болды жүрек жайын
Айтуынша мидың егер, нағыз болсаң еркек
Махаббат емес, саған жанұя, ұрпақ керек
Бірақ, шын сезімсіз бәрі бекер деп
Сыбырлайды анда-санда жүрек
Шапалақты ұрып қаспенен
Атқандай болдың мені таспенен
Көріп сенің сұлу көздеріңді
Кетіп қалды мына бас деген
Жаратқандай сені басқа әлем
Өзіңе шынайы да рас күлем
Махаббатың улайтын арақ болса,
Болайын сен үшін маскүнем
Растады сиқырын махаббатың енді миым
Басқаны сендей көретініме сену қиын
Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып
Салды ондай сезімдерге тиым
Айтуынша мидың қиналатын былай өзің
Тауысады өте жылдам жастарын көзің
Бірақ шын сезіммен бәрі келер деп
Еске аламын жүрегімнің сөзін
다양한 언어로 된 노래
모든 언어로 고품질 번역
몇 초 만에 원하는 텍스트를 찾으세요